Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 197 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 маусымда № 7206 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.11.2023 № 251 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 22 мамырдағы № 03/415 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4836 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 2 ақпанда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы
__________________
2020 жылғы "____"______________
А. Кәрімов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 17 маусымы
№ 197 қаулыға қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 378 қаулысына қосымша

Қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимі енгізілетін карантин аймағы

Аудандар, ауылдық округтер атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Глубокое ауданы

Черемшанка

"Черемшанка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,22

Аудан бойынша барлығы


0,22


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады