Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 256 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 7423 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Е. Камбаров
2020 жылғы "___"_______________

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 29 шілдесі
№ 256 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ №№ 1, 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ № 1 бұлақ оң жағалау

3,79

162,9

500

2,85

14

50

Аукцион арқылы өткізуге арналған жер учаскесі тұстамасындағы атауы жоқ № 2 бұлақ сол жағалау оң жағалау

2,75
2,74

328,9
68,5

500
200-400

6,2
2,74

31,2
13,5

50
50

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілгенжобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады