Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 289 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 тамызда № 7485 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 тамызы № 289
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4132 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде, 2015 жылғы 26 қыркүйекте "Дидар", 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 221 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4156 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде, 2015 жылғы 7 қарашада "Дидар", 2015 жылғы 9 қарашада "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 83 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 000қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4530 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2016 жылғы 23 мамырда "Дидар", 2016 жылғы 21 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 162 "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5150 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2017 жылғы 10 тамызда "Дидар", 2016 жылғы 10 тамызда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 88 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5621 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2018 жылғы 17 мамырда "Дидар", 2018 жылғы 17 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 156 "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5651 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2018 жылғы 17 шілдеде "Дидар", 2018 жылғы 17 шілдеде "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 359 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 189 "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6218 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде, 2019 жылғы 5 қарашада "Дидар", 2019 жылғы 5 қарашада "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады