"Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 31 қазандағы № 1-НҚ нормативтік қаулысы күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 5-НП нормативтік қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 7778 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/39-VІ шешімімен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі ережесінің 6-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 152 "Дидар", 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 152 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2016 жылғы 31 қазандағы № 1-НҚ нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы нормативтік қаулы 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Тексеру комиссиясының төрағасы Е. Тұрсынғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады