ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 428 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 303 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4276 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 18 қаңтарда № 5 (17245) "Дидар", 2016 жылғы 16 қаңтарда № 5 (19575) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы №244 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы №303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4669 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 6 қазанда №119 (17359) "Дидар", 2016 жылғы 6 қазанда №120 (19872) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №176 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы №303 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5168 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 22 тамызда №97 (17492) "Дидар", 2017 жылғы 22 тамызда №97 (20004) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы №298 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы №303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5282 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 қарашадағы №336 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы №303 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5696 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).