Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 7060 болып тіркелді. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 28.08.2020 № 60/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 1 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласының мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-200 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қазанда жарияланған) шешімінің қолданылуы 2020 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатыла тұрылсын.

      2. Осы шешім қабылдаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрғасы Е. Омарбеков
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады