Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қыркүйекте № 7512 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 24/2-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.08.2024 № 24/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5, 9 тармақтарына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін мыңнан жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетілсін.

      2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімдерінің негізінде уәкілетті орган – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Өскемен қаласы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мамандарға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет "Казпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері және екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.

      4) осы шешімнің қолданысы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таралады.

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

      Сессия төрғасы С. Каримов
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 28 тамызы
№ 60/5-VI шешіміне
қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-200 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 51/5-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6328 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      3. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55/3-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 35/7-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7060 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады