2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 111 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қаңтарда № 6714 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Салимов

  Қала әкімдігінің
2020 жылғы "23" қаңтардағы
№ 111 қаулысына қосымша

2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Р/с №

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлер- дің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындары-ның саны (адам)

1.

"Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты" акционерлік қоғамы

484

1

5

2.

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы

186

1

2

3.

"Қаражыра" акционерлік қоғамы

685

1

7

4.

"Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясы" акционерлік қоғамы

948

1

9

5.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының № 1 емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

237

1

2

6.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

450

1

5

7.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

693

1

7

8.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласының перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

565

1

6

9.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық "Психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы бойынша психиатриялық қызмет бөлімі

268

1

3

10.

"Санаторий "KARAGAILY" Семей медициналық әлеуметтік мекемесі

92

1

1

11.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

206

1

2

12.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Геологиялық барлау колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

216

1

2

13.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Электротехникалық колледж" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

183

1

2

14.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

158

1

2

15.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

154

1

2

16.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

1089

1

11

17.

"Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті" білім беру мекемесі

507

1

5

18.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының "Семей қаласындағы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы

285

1

3

19.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы

290

1

3

20.

"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы

253

1

3

21.

"Сем Аз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

263

1

3

22.

"Технология комфорта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

205

1

2

23.

"Аманат Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

137

1

1

24.

"Семей Құрылыс Материалдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

1

2

25.

"Алфом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

81

1

1

26.

"Казполиграф" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

547

1

5

27.

"СӘТ ТРАНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

165

1

2

28.

"Daewoo Bus Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

114

1

1

29.

"ЭЙКОС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

396

1

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады