Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/169-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 51/375-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 6871 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңының 2 бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы 26/169-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-179 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ж. Молдагалиева
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады