Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/169-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 маусымда № 5-2-179 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 51/375-VI шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 01.04.2020 № 51/375-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Семей қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "Тіркелген салық ставкалары туралы" № 13-103-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-103-IV болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Семей таңы және Вести Семей" газеттерінің № 5 сандарында жарияланған);

      Семей қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімге өзгеріс енгізу туралы Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 5 қазандағы № 41/279-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-148 болып тіркелген және 2011 жылғы 25 қазанда "Семей таңы және Вести Семей" газеттерінің № 76 сандарында жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы С. Покатилов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы м.а.
Б. Қайрамбаев

  Семей қаласы мәслихатының
2018 жылғы 24 мамырындағы
№ 26/169-VI шешіміне қосымша

№ р/с

Салық салу объектісінің атауы нысанның

Тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерімен)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.

Ойын жолы

13

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

8

7.

Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады