Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 52/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 7563 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/9-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 14/9-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Мукатаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

  Абай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 52/5-VI шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. Қосымшасының тақырыбы орыс тілде жаңа редакцияда, мемлекеттік тілде өзгермейді - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 05.04.2021 № 6/13-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде қарусыз жиналу арқылы жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 05.04.2021 № 6/13-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).

      2. Абай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары: Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, Мамай атындағы саябақтың алдындағы алаң. Материалдық-техникалық жабдықтау: жасанды жарықтандыру, электр энергиясын қосуға арналған нүкте, бейнебақылау камерасы бар. Шекті толу нормасы 50 (елу) адамға дейін.

      3. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Қарауыл ауылы, Сүндетбаев-Құнанбай көшелерінің қиылысынан бастап Молдағалиев-Құнанбай көшелерінің қиылысына дейін. Көше бойында жарықтандыру, бейнебақылау камерасы бар.

      4. Абай ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, іс- шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн бұрын арнайы өткізу орнына мынадай мәселелермен барады:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісі;

      2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;

      3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңында (бұдан әрі - Заң) көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалану;

      4) ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;

      5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.

      5. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Заңның 5 және 6 баптарының талаптарын сақтауы қажет.

      6. Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен жүзеге асырады.

      7. Заңның 9 бабының 5 тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр арақашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады