Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/407-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 шілдеде № 7340 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Аягөз аудандық мәслихат хатшысы С. Искаков

  Аягөз аудандық мәслихатының
2020 жылғы 2 шілдедегі
№ 49/407-VI шешіміне қосымша

Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 02 наурыздағы № 46/339-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4458 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 15 сәуірінде, "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2016 жылдың 23 сәуірінде жарияланған);

      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 9/78-VІ "Аягөз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4988 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 12 мамырында жарияланған);

      3. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 26/183-VІ "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-175 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 20 тамызында жарияланған);

      4. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 41/282-VІ "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6318 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 3 желтоқсанында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады