Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 31.05.2022 № 20/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50- бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/4-VІ ""Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5586 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 10 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5- тармақтың бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.";
34-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
39-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгермейді;
аталған шешіммен бекітілген Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 4 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Шамитов |
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы | К. Садыков |
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
Қызметтік басқару | E-2; E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; |
E-4 |
Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
Ынтымақтастық | E-2; E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; |
E-4 |
Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
Шешім қабылдау | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; |
E-4 |
Қажетті мәліметтерді таба алады; |
Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
Қызметті тұтынушыға бағдарлану | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; |
E-4 |
Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру | E-2; E-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; |
E-4 |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
Жеделдік | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; |
E-4 |
Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
Өздігінен даму | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; | Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды; Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды. |
E-4 |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
Адалдық | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) |
Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; |
E-4 |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
Стресске орнықтылық | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
E-4 | Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
Жауапкершілік | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
E-4 | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
Бастамашылдық | E-2; E-3 (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | ||
E-4 | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |