Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/4-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5586 болып тіркелген);
2) Бесқарағай аудандық мәслихатының "Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/4-VІ "Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 27 қазандағы № 57/14-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7777 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Абылгазинова |