Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 19.11.2021 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 472 ұсынысы негізінде, Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді әділет органында мемлекеттік тіркелуі;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуі;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глуховка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Искакова |