Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қарашада № 25425 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бесқарағай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 қазандағы № 282 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 10 "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8043 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Глуховка ауылдық округінің әкімі А. Тастенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады