"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 411 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 7987 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 337 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 15.12.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-8-154 тіркелген, "Пульс района" аудандық газетінде 2018 жылғы 25 мамырдағы жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      Атауында және 1-тармақтағы "және ветеринария" деген сөз алып тасталсын;

      Атауында қосымшасының "және ветеринария" деген сөз алып тасталсын;

      Көрсетілген қаулыға қосымшасының 5-тармағы алып тасталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Байжумановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха ауданы әкімі К. Бичуинов

      Келісілді:

      Бородулиха аудандық

      мәслихатының хатшысы

      _______________У. Майжанов

      _________________2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады