Шектеу іс – шараларын алу және "Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қазанда № 7615 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық испекторының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 687 ұсынысы негізінде, Петропавловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруын сауықтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. "Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу шараларын белгілеу туралы" Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6408 тіркелген, 2019 жылғы 27 желтоқсанда "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде және 2019 жылғы 24 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн

      ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы шешімнің Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавловка ауылдық округінің әкімі М. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады