Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 6408 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің 05.10.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1153 ұсынысы негізінде, Петропавловка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округінің Петропавловка ауылында ірі қара мал арасында жұқпалы созылмалы бруцеллез ауруына қарсы ветеринариялық - санитариялық іс-шараларды өткізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін оны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Жунусов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады