Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8–VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 55/13-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 ақпанда № 8389 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 12/5-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 05.06.2024 № 12/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2-3-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6172 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидалар Глубокое ауданының аумағында тіркелген және тіркелген орны бойынша тұрақты тұратын адамдарға таратылады.";

      келесі мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) тудыратын ауруы бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек 23,519 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде көрсетіледі.";

      келесі мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалады және егер көрсетілген санаттағы адамдар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаса көрсетіледі.";

      15 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне Үлгілік қағидалардың 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Калигожин
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады