ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/185-VІ "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-10-137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 11 мамырда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Тулеубаева |
Жарма аудандық мәслихатының хатшысы | А. Сахметжанова |