Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің 21.10.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жаңаөзен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 17 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылындағы келесі көшелері:
"Юбилейная" көшесін – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
"Строительная" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжал ауылдық округінің әкімі | К. Жумаканов |