Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 3 "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қазандағы № 7736 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 3 "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7557 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жарияланған") төмендегідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын: "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы".

      2. "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы шешім Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжал ауылдық округінің әкімі К. Жумаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады