Жарма ауданы Әуезов кентінің көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов кенті әкімінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 7557 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына сәйкес, Әуезов кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 17 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Әуезов кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Первомайская" көшесі – "Варепа Иван Иосифович" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әуезов кенті әкімінің міндетін атқарушы Т. Рысқалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады