Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 286 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауылдық округіне қарасты Ақши қыстағындағы "Толыбай" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | Қ. Каримов |