ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 153 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округіне қарасты Ақши қыстағындағы "Толыбай" шаруа қожалығына шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 1 "Қаратал ауылдық округіне қарасты Ақши қыстағындағы "Толыбай" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 15 қаңтарында № 6503 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарында "Достық" газетінде жарияланған және 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |