ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабының 2- тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2- бабының 2) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зырян ауданының мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/7-VI "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-12-151 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 28 сәуірде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Попова |
Алтай ауданының мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |