Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 сәуірде № 5-12-151 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 67/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 11.06.2020 № 67/7-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зырян ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге, салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемесін белгілеу туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2009 жылғы 24 наурыздағы № 18/3-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-12-79 нөмірімен тіркелген, "День за днем" газетінде 2009 жылғы 7 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Зиннуров
      Зырян ауданының
мәслихат хатшысы
Л. Гречушникова

  Зырян
ауданының мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
27/7-VI шешіміне қосымша

   № р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

7

5

Карт

4

6

Бильярд үстелі

6

7

Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады