ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Малеевка, Путинцево ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Малеевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің Малеевка ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Калининский тұйық көшесі Лесной тұйық көшесіне;
2) Совхозная көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне.
2. Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің Путинцево ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Буденного көшесі Тополиная көшесіне;
2) Ворошилова көшесі Победа көшесіне;
3) Коммунальная көшесі Маралды көшесіне;
4) Куйбышева көшесі Вишневая көшесіне;
5) Ленина көшесі Қаныш Сәтбаев көшесіне;
6) Октябрьская көшесі Родниковая көшесіне.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберу;
3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыру.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Малеевск ауылдық округінің әкімі | В. Кузнецов |