Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 40/350-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7315 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.10.2021 № 11/113-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5 - тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,1966 (он бір бүтін он мыңнан бір мың тоғыз жүз алпыс алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (одан әрі - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде уәкілетті орган – "Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) әлеуметтік қолдау Катонқарағай ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі;

      3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет, "Қазпочта" акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы беріледі.

      3. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту негіздемелері:

      1) Катонқарағай ауданының шегінен тысқары ауылдық жерде тұру;

      2) жергілікті атқарушы орган белгілеген әлеуметтік қолдау алу құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі;

      3) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл бойы екінші рет жүгінуі.

      4. Катонқарағай ауданының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VI "Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-152 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 30 қарашада жарияланған);

      2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 32/273-VI "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 21/188-VІ "Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6208 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қазанда жарияланған).

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Джумагулова
      Мәслихат хатшысы Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады