Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 380 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 8193 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Барлық кандидаттар үшін бірдей құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ортақ пайдаланудағы жерлерде Катонқарағай ауданының ауылдық округтері әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 107 "Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде № 3855 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірде аудандық "Арай" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Байгунусовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Катонқарағай ауданының әкімі Р. Курмамбаев

      "КЕЛІСІЛДІ":
Катонқарағай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
________________ Р. Нұрғалиев
2020 жылғы "___"_________

  Катонқарағай
ауданының әкімдігі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 380 қаулысына қосымша

Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      1. Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша:

      Алыбай ауылы – Абай көшесінің бойында, клуб ғимаратының жанында;

      Новохайрузовка ауылы – Достық көшесінің бойында, Павел Полькин көшесіндегі жарнама тақтасы;

      Приморское ауылы – Шоссейная көшесінің бойында.

      2. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша:

      Үлкен Нарын ауылы – Шабдан Тумашинов көшесінің бойында; Слямов көшесінің бойында; Астана көшесі, "Катонқарағай ауданының аграрлық-техникалық колледж" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;

      Жұлдыз ауылы – Амангелді көшесінің бойында, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;

      Көктерек ауылы – Кусметов көшесінің бойында, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;

      Балғын ауылы - Омаров көшесінің бойында;

      Көкбастау ауылы - Гагарин көшесінің бойында;

      Свинчатка ауылы - Жастар көшесінің бойында.

      3. Солоновка ауылдық округі бойынша:

      Солоновка ауылы - Советская көшесі;

      Малонарымка ауылы - Советская көшесінің бойында.

      4. Алтынбел ауылдық округі бойынша:

      Алтынбел ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында;

      Майемер ауылы - Тайбұға көшесінің бойында;

      Үштөбе ауылы - Тоқтаров көшесінің бойында;

      Егінді ауылы – Мектеп көшесінің бойында.

      5. Новополяковка ауылдық округі бойынша:

      Новополяковка ауылы - Абай көшесінің бойында;

      Бесүй ауылы - Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойында;

      Қаражал ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;

      Сенное ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында.

      6. Солдатово ауылдық округі бойынша:

      Солдатово ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында.

      7. Белқарағай ауылдық округі бойынша:

      Белқарағай ауылы – "Саниязбек Жүнісов атындағы" көшенің бойында;

      Топқайың ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;

      Өрнек ауылы - Болашақ көшесінің бойында;

      Согорное ауылы - Достық көшесінің бойында.

      8. Катонқарағай ауылдық округі бойынша:

      Катонқарағай ауылы –Абай көшесінің бойында;

      Қабырға ауылы – Бірлік көшесінің бойында;

      Жаңа Үлгі ауылы – Тоқтаған Тайсаринов көшесінің бойында;

      Шыңғыстай ауылы - Бұқтырма көшесінің бойында.

      9. Аққайнар ауылдық округі бойынша:

      Аққайнар ауылы - Абай көшесі бойында, клуб ғимаратының жанында;

      Қызыл Жұлдыз ауылы – Әбілғали Төлесов көшесінің бойында;

      Қайыңды ауылы – Әлия Молдағұлова көшесінің бойында;

      Ақмарал ауылы – Маралды көшесінің бойында.

      10. Жамбыл ауылдық округі бойынша:

      Жамбыл ауылы - Қайнар көшесінің бойында;

      Берел ауылы - Орталық көшесінің бойында;

      Рахман қайнары ауылы - Арасан көшесінің бойында.

      11. Өрел ауылдық округі бойынша:

      Өрел ауылы - Қабанбай батыр көшесінің бойында;

      Еңбек ауылы – Төлеген Рақымжанов көшесінің бойында;

      Аршаты ауылы - Күншығыс көшесінің бойында.

      12. Ақсу ауылдық округі бойынша:

      Ақсу ауылы – "Абай атындағы" көшенің бойында;

      Жазаба ауылы - Орталық көшесінің бойында;

      13. Коробиха ауылдық округі бойынша:

      Коробиха ауылы - Заречный көшесінің бойында;

      Барлық ауылы – "Қабанбай атындағы" көшенің бойында;

      Үшбұлақ ауылы – Үш-Бұлақ көшесінің бойында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады