Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Ново-Хайрузовка, Приморское, Алыбай ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 6752 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ново - Хайрузовка ауылының тұрғындарының пікірлерін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 03-18/805 қорытындысын есепке ала отырып, Ново – Хайрузовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново - Хайрузовка ауылдық округі Ново - Хайрузовка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) "Ленина" көшесі "Павел Полькин" көшесіне;

      2) "50 лет Октября" көшесі "Сәкен Сейфуллин" көшесіне;

      3) "Первомайская" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесіне.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Приморское ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      1) "Советская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесіне.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі Алыбай ауылының келесі көшесі қайта аталсын:

      1) "Красноярская" көшесі "Қызылжар" көшесіне.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Л. Мамырханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады