Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 383 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 7672 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 429 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 01.08.2023 № 429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Күршім ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының әкімі Д. Қажанов

  ШҚО Күршім ауданы әкімінің
2020 жылғы 12 қазаны
№ 383 қаулысына
қосымша

Күршім ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

    №  

Әкімшілік-аумақтық бірлік атауы

Орналасқан жері

1

Күршім ауылдық округі

-Күршім ауылындағы Исабеков көшесіндегі "Долданов" базарында

2

Марқакөл ауылдық округі

-Марқакөл ауылындағы Б.Момышұлы көшесі мен А.Крахмаль көшесінің қиылысындағы алаңда

3

Абай ауылдық округі

-Бурабай ауылындағы Ұлан көшесі, 34 үйдің жанындағы учаскеде

4

Ақбұлақ ауылдық округі

Ақбұлақ ауылындағы орталық саябақтағы алаңда

5

Балықшы ауылдық округі

-"Шекелмес" жер учаскесінде және Ақсуат ауылындағы Егінбайұлы көшесі, 43 үйдің жанындағы учаскеде

6

Боран ауылдық округі

-Боран ауылындағы Орталық көшесіндегі орталық алаңда

7

Қалғұты ауылдық округі

-"Ащы басы" жер учаскесінде және Қаратоғай ауылындағы Б.Момышұлы көшесіндегі "Гулзада" дүкені маңындағы жер учаскесінде

8

Қалжыр ауылдық округі

-Қалжыр ауылындағы Нурмуханов көшесі, 44 үйдің жанындағы учаскеде

9

Кұйған ауылдық округі

-"Қызыл Ту" өткелі бұрылысының маңында

10

Маралды ауылдық округі

-Маралды ауылындағы орталық алаңда, Үшбұлақ ауылындағы ауылдық клуб маңында, Қыстау-Күршім ауылындағы ауылдық клубтың алдында

11

Сарыөлең ауылдық округі

-Сарыөлең ауылындағы Школьная көшесіндегі "Жастар" саябағы алаңында, "Бәйгетөбе" маңында, "Көмей" жер учаскесінде, жол бойындағы аялдамада. Барақ батыр ауылындағы Достық көшесінің №55, 21, 66 үйлерінің маңында. Бірлік ауылындағы Комаров көшесінің 48 үйдің маңында

12

Төсқайың ауылдық округі

-Төсқайың ауылындағы Орталық көшесі, 18 үйдің жанындағы учаскеде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады