Күршім ауданы Күршім ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 тамызда № 7441 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысының негізінде, Күршім ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Күршім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күршім ауданының Күршім ауылының Юбилейная көшесі Мәнап Оражанов көшесі деп қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Күршім ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауылдық округінің әкімі С. Дүзбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады