Шектеу іс-шараларын тоқтату және Боран ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1 "Күршім ауданы Боран ауылдық округінің Боран ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 тамызда № 7449 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 641 ұсынысы негізінде, Боран ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Күршім ауданының Боран ауылдық округiнiң Боран ауылына шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Боран ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 1 "Күршім ауданы Боран ауылдық округінің Боран ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 болып тіркелген, 2019 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Боран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Боран ауылдық округінің әкімі А. Наурызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады