2020 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 156 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 мамырда № 7042 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкпекті ауданы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 83 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5-15-112 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 мамырда жарияланған) қаулысының, Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашасындағы № 369 "2019 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6390 болып тіркелген, Қазақстан республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күштері жойылды деп танылсын.

      3. "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "5" мамырдағы
№ 156 қаулысына қосымша

2020 жылға Көкпекті ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырыс, ата-ана төлемақысының мөлшері

Ұйым атауы

Тәрбиенушілер саны, (адам)

Айына бір тәрбиенушінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, теңге

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері айына,теңге

БАРЛЫҒЫ

оның ішінде:

оның ішінде:

Толық емес күн болатын

Толық күн болатын

Толық емес күн болатын

Толық күн болатын

1

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шуақты Шұғыла" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

126

-

126

-

34701

3 жасқа дейін – 9000
3-6 жас аралығында - 9800

2

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дәншік" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

234

-

234

-

34701

3 жасқа дейін – 9000
3-6 жас аралығында – 9800

3

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкпекті-Толағайы" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

95

-

95

-

34701

3 жасқа дейін - 9000
3-6 жас аралығында – 9800

4

Дара кәсіпкер Сарсенбаева И.М. "Ерке-Нұр" жеке меншік балабақшасы

42

-

42

-

34701

3 жасқа дейін - 9000
3-6 жас аралығында – 9800

5

Дара кәсіпкер Далелов Қ.Қ. "Өрнек" жеке меншік балабақшасы

60

-

60

-

34701

3 жасқа дейін - 9000
3-6 жас аралығында – 9800

6

"Елим-ай" Шаруа қожалығы Бөбек-Лүпілі жеке меншік балабақшасы

60

-

60

-

34701

3 жасқа дейін - 9000
3-6 жас аралығында – 9800

7

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балерке" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

90

-

90

-

34701

3 жасқа дейін - 9000
3-6 жас аралығында - 9800

8

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққала ауылының метеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

35

-

35

-

34701

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында - 8500

9

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үлкенбокен мектеп балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

-

37

-

34701

3 жасқа дейін - 8000
3-6 жас аралығында - 8500

10

"Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

29

-

29

-

34701

3 жасқа дейін -8000
3-6 жас аралығында - 8500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады