Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 166 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7107 болып тіркелді. Күші жойылды- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 06.01.2021 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 146 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-15-113 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 23 маусымда жарияланған), Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 317 " Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6230 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 6 қарашада жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 мамырдағы
№ 166 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады