Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 146 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 маусымда № 5-15-113 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) № 498 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының" 8- тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаулының қосымшасына сәйкес Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдық- құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Көкпекті ауданының ұйымдарына мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін осы жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Көкпекті ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 тамыздағы № 244 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 тіркелген, аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 67 (8865 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Көкпекті ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Темиржанов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 146 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

    №

Ауылдық округ, кент әкімшіліктердің атауы

Ұйымдар атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Квота бойынша жұмыс орындар саны

1

Көкпекті ауылы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

107

3 %

3

2

Көкпекті ауылы

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" Коммуналдық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

157

3 %

4


Барлығы


264

3

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады