Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 08.08.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 01-22/254 ұсынысы негізінде, Тассай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті ауданы Тассай ауылдық округінің Үшкөмей ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.
2. Көкпекті ауданының "Тассай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тассай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С. Кайкибаева |