Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7236 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескертпе. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 25.02.2021 ж. № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 01-22/190 ұсынысы негізінде, Шұғылбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.

      2. Көкпекті ауданының "Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Танысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады