Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 8416 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 01-11/5 ұсынысы негізінде Шұғылбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауырының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.

      2. Шұғылбай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округінің Шұғылбай ауылында шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 7236 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 1 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Кузембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады