ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыс туралы" Заңы 14 бабының 4) тамақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қортындысының негізінде, Сарыбел, Новостройка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Сарыбел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданының Сарыбел ауылының келесі көшелерінің атаулары:
1) Больничная көшесі Жастар көшесі;
2) Киров көшесі Достық көшесі;
3) Комсомольская көшесі Құлажорға көшесі;
4) Мира көшесі Абай көшесі;
5) Ленин көшесі Қызылшілік көшесі;
6) Космодемьянская көшесі Тассуат көшесі;
7) Почтовая көшесі Бейбітшілік көшесі;
8) Береговая көшесі Жағалау көшесі;
9) Шоссейная көшесі Тәуелсіздік көшесі;
10) Стасий көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі;
11) Чапаев көшесі Ертіс көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының Новостройка ауылының келесі көшелерінің атаулары:
1) Центральная көшесі Орталық көшесі;
2) Береговая көшесі Жағалау көшесі;
3) Школьная көшесі Алтай көшесі;
4) Степная көшесі Баты көшесі;
5) Советская көшесі Еңбек көшесі болып өзгертілсін.
3. Көкпекті ауданының "Сарыбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді;
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған кұннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Жапаркулов |