Көкпекті ауданы Бастаушы, Көкжота ауылдарының көшелерін атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы селолық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7109 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылдың 11 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Бастаушы, Көкжота ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бастаушы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының Бастаушы ауылының көшелерінің атаулары:

      1) Больничная көшесі Мұқтар Әуезов көшесі;

      2) Ленин көшесі Шәкәрім көшесі;

      3) Школьная көшесі Ғабдуәли Раханов көшесі;

      4) Новостройка көшесі Тәуелсіздік көшесі;

      5) Строительная көшесі Төле би көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының Көкжота ауылы көшесінің атауы:

      1) Школьная көшесі Жұбандық Болғанбаев көшесі болып өзгертілсін.

      3. "Бастаушы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімінің міндетін атқарушы А. Отаршина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады