Көкпекті ауданы Көкжайық ауылының көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 7768 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 4 қарашасындағы қорытындысының негізінде, Көкжайық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көкжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Көкпекті ауданының Көкжайық ауылының келесі көшесінің атауы:

      1) Ленин көшесі Алаш Орда көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының "Көкжайық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Ахметкалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады