ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Миролюбовка, Раздольное ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Миролюбовка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданының Миролюбовка ауылының келесі көшесінің атауы:
1) Верхний көшесі Топқайын көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының Раздольное ауылының келесі көшесінің атауы:
1) Мира көшесі Бейбітшілік көшесі болып өзгертілсін.
3. Көкпекті ауданының "Миролюбовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Дюсупов |