Көкпекті ауданы Преображенка ауылы көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 7245 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылдың 11 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Преображенка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының Преображенка ауылының келесі көшелерінің атаулары:

      1) Ленина көшесі Тәуелсіздік көшесі;

      2) Куйбышев көшесі Абай көшесі;

      3) Советская көшесі Достық көшесі болып өзгертілсін.

      2. Көкпекті ауданының "Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Көкпекті ауданының аумағында таралатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберілуін;

      3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Е. Ниязбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады