ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсанындағы қорытындысының негізінде, Аққала, Қараөткел, Қойтас ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Аққала ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданының Аққала ауылының келесі көшелерінің атауылары:
1) Октябрьская көшесі Абай көшесі;
2) Мир көшесі Сатпаев көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының Қараөткел ауылының келесі көшесінің атауы:
1) Киров көшесі Абай көшесі болып өзгертілсін.
3. Көкпекті ауданының Қойтас ауылының келесі көшесінің атауы:
1) Школьная көшесі Қанат Букетов көшесі болып өзгертілсін.
4. Көкпекті ауданының "Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімінің м.а. | А. Халелов |