Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 269 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 сәуірде № 7030 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 438 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 29.04.2021 № 438 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі аталған қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 05 қарашадағы № 394 "Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгiленген бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3109, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2013 жылдың 23 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Аққазинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Садвакасов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Тарбағатай аудандық

      мәcлихатының хатшысы C. Жақаев

      "_____ " _____________ 2020 жыл

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі № 269
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1. Білім беру ұйымдарының мұғалімдері;

      2. Мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), басшылары (басшы, директор, меңгеруші);

      3. Алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші);

      4. Құрылымдық бөлімшенің жетекшісі (меңгеруші, басшы);

      5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, бейінді оқыту бойынша басшының орынбасары;

      6. Интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;

      7. Әлеуметтік педагог;

      8. Педагог-ассистент;

      9. Педагог-ұйымдастырушы;

      10. Қосымша білім беру педагогы;

      11. Педагог-психолог, психолог;

      12. Логопед-мұғалімі;

      13. Дефектолог-мұғалімі, дефектолог (логопед- мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог);

      14. Педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;

      15. Тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында); патронаттық тәрбиеші (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың);

      16. Аға вожатый, вожатый;

      17. Нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері;

      18. Өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы;

      19. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы;

      20. Білім беру ұйымының әдіскері;

      21. Музыкалық жетекші, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын сүйемелдеуші, концертмейстер;

      22. Кітапхана меңгерушісі ,кітапханашы;

      23. Медбике , диета медбикесі;

      24. Білім беру ұйымының зертханашысы (физика, химия, биология, информатика).

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

      1. Үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4. Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5. Психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6. Еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

      7. Жұмыспен қамту орталығының директоры және мамандары;

      8. Ассистенттер;

      9. Жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөнінде консультант;

      10. Оңалту орталығының директоры;

      11. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      12. Медбике, мейіргер;

      13. Массажист;

      14. Тәрбиеші;

      15. Психолог;

      16. Еңбек мұғалімі;

      17. Логопед;

      18. Емдік дене шынықтыру мұғалімі;

      19. Музыка мұғалімі;

      20. Мәдениұйымдастырушы;

      21. Психиатр.

      3. Мәдениет cаласы мамандарының лауазымдары:

      1. Директор;

      2. Директордың орынбасары;

      3. Әдіскерлер;

      4. Жастармен жұмыс әдіскерлері;

      5. Концерт ұйымдастыратын менеджерлер;

      6. Әртістер;

      7. Мәдени жұмыстарды ұйымдастырушылар ;

      8. Бишілер дайындаушы;

      9. Сүйемелдеуші;

      10. Өткізгіш;

      11. Режиссер;

      12. Театр суретшісі;

      13. Концерт ұйымдастырушы;

      14. Көмекші режиссер;

      15. Мавзолей жетекшісі;

      16. Ансамбль жетекшісі;

      17. Эстрада жетекшісі;

      18. Маман (дамыған өнер);

      19. Кітапхана меңгерушісі;

      20. Кітапханашы;

      21. Библиограф;

      22. Музыкалық оператор.

      4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1. Директор;

      2. Медбике, мейіргер;

      3. Әдіскер;

      4. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары;

      5. Психолог педагог;

      6. Бас жаттықтырушы, жаттықтырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады