Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің "Шилібастау" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 қаңтарда № 6530 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 мамырдағы № 447 ұсынысы негізінде Ойшілік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің "Шилібастау" учаскесіне шектеу іс-шараларын тоқтатылсын.

      2. Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 "Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің "Шилібастау" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-173 тіркелген және 2019 жылғы 08 қаңтар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Ойшілік ауылдық округінің әкімі С. Ығиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады