ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы қорытындысына және халықтың пікірін ескере отырып, Қасым Қайсенов кенті әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі "Юбилейная" көшесі "Мизанбек Жұмағұлов" деп қайта аталсын.
2. Қасым Қайсенов кентіндегі атауы жоқ 4-ші кезектегі құрылыс кварталының тұрғын үйлері орналасқан № 2 көше – "Алдажар Байдельдинов" аталсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қасым Қайсенов кентінің әкімі | М. Аменов |